"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде облыстың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
"Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанды", – делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте және шығыста – тұман, оңтүстікте – шаңды дауыл.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр жауады.
Түнде Ақмола облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік жүреді, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Қызылордада, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Алматы облыстарының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°C, топырақ бетінде 3°C үсік жүреді, күндіз +21+23°C.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.