Қоңырау шалушының айтуынша, Lada автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кетпек болған.
Патруль көлігін көрген Lada жүргізушісі артқа шегінуге асыққан. Біраз қуғыннан кейін бұл көлік тоқтатылды. Рөлде – аяғында әрең тұрған 22 жастағы жігіт болды. Медициналық сараптама оның мас болғанын анықтады.
Сонымен қатар жүргізуші жасаған бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды: көлік құралын алкогольдік масаң күйде бола тұра басқару (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу (ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы), жалған мемлекеттік нөмірді пайдалану (ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы), қарсы жолаққа шығу (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы), апаттық жағдай туғызу (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), бағдаршамның қызыл түсінде қиылыстан өту (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы), белгілердің талаптарын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы) , қауіпсіздік белдігін тақпау (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы), автокөліктің техникалық жағдайын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы). Көлік құралын мас күйде басқару дерегі бойынша өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.