Damumed деректер қоры экономиканы демонополизациялау аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

Сурет: Zakon.kz
Damumed медициналық деректер базасын жеке компания ел экономикасын монополиясыздандыру бағдарламасы аясында Денсаулық сақтау министрлігіне берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Даму" АТО" Damumed деректер қорын Денсаулық сақтау министрлігіне берді. Бұл шара "Е-Денсаулық" жүйесі базасында бірыңғай республикалық медициналық деректер қорын құру және медициналық ұйымдар арасында ақпарат алмасу үшін іске асырылған.

17 мамыр күнгі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов "Е-Денсаулық" жүйесін құру бойынша жұмысты жеделдету және осы саладағы реттеудің тиімділігін арттыру үшін заңнамалық түзетулер дайындау қажет екенін атап өтті. 

"Бүгінде нарықтың 80%-дан астамын "Даму" АТО" ЖШС-іне тиесілі Damumed жүйесі қамтиды. Республикалық деңгейде медициналық ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасудың толыққанды тетігінің болмауы нарықта бәсекелестікке жатпайтын жағдайлар туғызып, салдарынан қазақстандық медициналық ұйымдар бір медициналық ақпараттық жүйеден басқасына ауысқанда қиындықтарға кезігіп отыр".ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ кеңесте отын-энергетика кешеніндегі монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру барысы да талқыланды.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда аптап ыстық пен бұршақ аралас жаңбыр болжанып отыр

Білім беру гранттарының конкурсы: абитуринеттер қандай құжаттар тапсыру керек

Қазақстан стенд атудан Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде сегізінші орын алды