Петропавлда тергеуші қамауға алынды

Сурет: ҚР ІІМ
Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері қамауға алынды.
Сезікті Петропавл ауыр машина жасау зауыты басшылығының 45 млн теңге көлемінде пара алғанын біле тұра қылмысты жасырды деген күдікке ілініп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Экс-тергеуші зейнетке шыққаннан кейін адвокаттық қызметпен айналысқан көрінеді. Солтүстік Қазақстан экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, ол зауыт басшылығының қылмысын жасыру үшін пара алу дерегін азаматтық-құқықтық мәміле ретінде көрсетуге тырысқан.

Сондай-ақ сот санкциясымен осы іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі адам ұсталды.

"Әлеуметтік желілерде осы дерек бойынша түрлі ақпарат тараған еді. Онда Тәмпиевтің зауыт басшылығына қатысты қылмыстық істе адвокат болғаны айтылған. Алайда бұл мәліметті дәлелдейтін ешбір құжат жоқ. Істің анық-қанығына жету үшін, қазір тергеу жүргізіліп жатыр." Виктория Алпеева, Экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды