Тоқаев: Қазақстан Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі деді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың бұл міндетті орындауға зор үлес қосып отырғанын Қазақстан жоғары бағалайды.

"Қытай Халық Республикасы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты Бейжіңнің ұстанымы еш өзгерген емес. Сондай-ақ өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатынан айнымай келеді." Мемлекет басшысы

Қытайдың осы берік ұстанымы ерекше құрметке лайық, деді мемлекет басшысы.

"Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашанда ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз." Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев