Астанада үш көшенің кей бөлігі уақытша жабылады

Сурет: pixabay
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты үш көшенің кей учаскелері бірнеше күнге жабылды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

Хабарламада жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілетіні айтылған.

Ардагерлер көшесінің бойында асфальтбетон жабынының үстіңгі қабаты төселіп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі бөлігінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Учаскедегі жол қозғалысы 22-25 мамыр аралығында жабық болады.

Бұдан бөлек Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А.Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары басталды. Учаскеде көлік қозғалысы 22 мамырдан 23 мамырға дейін толығымен жабылды.

Осыған орай ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан баратын жерінің бағытын алдын-ала жоспарлап алуын сұрады.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады