Әлеуметтік осал топтағы адамдарға жеке баспана кезегін жасау қажет

Сурет: pexels
Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі ересектерді «тұрғын үймен» қамтамасыз ету үшін «жеке кезек» жасау қажет.

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева саладағы мәселені көтерді. Әлеуметтік мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге арналған бағдарламалар бар.

Бірақ олар қолжетімсіз деді депутат. Азаматтар кезекті ұзақ күтуге мәжбүр. Қаржыландыру шектелуі, салынып жатқан тұрғын үйлер жеткіліксіз, деп жазады qazaqstan.tv.

Айтуынша, жеңілдетілген мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған 637 мыңға жуық адамның 415 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатады.

Депутат «Бақытты отбасы» бағдарламасына толық емес отбасыларды да қосуды ұсынды.

«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны міндетті шарттардан алып тастауды немесе үш санатқа тұрғын үй сертификатын беруді қамтамасыз етуді ұсынамыз. Бастапқы жарнаны төлемей, баспана алудың баламалы тетіктерін енгізуді қарастыруыңызды сұраймыз. Гаухар Танашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Халық Партиясы» фракциясының мүшесі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды