Алматыда бірнеше көшеде жүруге шектеу қойылады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жылу жүйелерін қайта құру кезінде бірнеше көше бойымен автокөліктердің қозғалысы шектеледі. Бұл туралы 29 мамырда Zakon.kz сайтына қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында - Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша.

31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында - Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.

1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында - Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша.
"Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі