СҚО-да есірткі жасырушы сотталды

Сурет: ҚР ІІМ
СҚО-да полицейлер 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеген есірткі жасырушы сотталды.

Есірткі сатқаны үшін Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны сотталды. Сот оған 10,5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Полицейлер есірткі жасырушы әйелді өткен жылдың күзінде арнайы орындарға жасыруға дайындап қойған синтетикалық есірткі салынған 20 қапшықпен ұстады. Оның пәтерінен 1 келіден аса ірі мөлшердегі α-PvP немесе тұз деп аталатын қауіпті есірткі тәркіленді. Қ

ауіпті тауарды мемлекет астанасынан әкелгені анықталды. Көктемде сот оған үкім шығарды. Қазір ол бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.


Полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арналары мен сату фактілерін анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізуде. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясына сәйкес 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза көзделген. Жыл басынан облыста соттар есірткі саудалаушыларға қатысты 10 үкім шығарды, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

СҚО полицейлері қаңтар айынан бастап заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп алды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз