Елордада сабағына келмейтін мектеп директоры жұмысынан босатылды

Сурет: pixabay
Астанада оқу жылы бойы берілген пәндер бойынша білім алмағанына шағымданған оқушылардың видео үндеуінен кейін №49 мектеп директоры жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының білім басқармасы директорға қатысты қызметтік тергеу жүргізгенін атап өтті.

"26 мамырда барып, тексеру жүргіздік, оның қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінгі таңда №49 орта мектептің директоры басқарманың 2023 жылғы 29 мамырдағы бұйрығымен жұмыстан шығарылды". Астана қаласының білім басқармасы

Бұған дейін №49 мектептің 10 сынып оқушылары видео үндеу жариялаған болатын. Олар "Абайтану", "Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы" және "Жаһандық құзыреттілік" сияқты факультативтік пәндерді оқуы керек екенін, бірақ бұл сабақтар қыркүйектен мамырдың аяғына дейін өтілмегенін айтты. Ал бұл пәндерден мектеп директоры сабақ беретіні белгілі болды. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді