Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысты.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, рәсім Қарағайлы скверінде өтті. Оған қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мен жақындары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Еске алу іс-шарасына қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар бүгінгі таңда тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпау, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай құрбандықтың болғанын және оларды ұлықтау қаншалықты маңызды екенін атап өтті.


"Түрлі мәліметтер бойынша, өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында 3 млн-ға жуық қазақстандық жаппай ашаршылықтың құрбаны болды, 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астам адам атылды." Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда 1997 жылдан бері аталып келеді. Қуғын-сүргіннен Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин және басқалар зардап шекті.

Бұл күндері қалада түрлі естелік іс-шаралар, соның ішінде «дөңгелек үстелдер» форматындағы конференциялар, тарихи-ағартушылық дәрістер, театрландырылған қойылымдар, кітапханалардағы фото және кітап көрмелері, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері және т.б. ұйымдастырылады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты