Қарағанды полицейлері есірткі қойып кетіп жүрген Ресей азаматын қолға түсірді

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы гараждардың аумағынан 24 жастағы азамат ұсталды.

Ол өз еркімен ұнтақ тәрізді ақ түсті заты бар 18 орамды берді. Ұсталған азамат осыған дейін бірнеше жерге есірткі жасырып үлгергенін мойындады.

Оның айтуымен оқиға орындарына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері тағы да 32 орам ақ түсті ұнтақ заттарды тәркіледі.

"Күдікті есірткі сатумен айналысып жүргенін мойындады. Ол өзінің Ресей азаматы екенін және бұл “жұмысқа” әлеуметтік желі арқылы орналасқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, Ресей азаматынан тәркіленген зат 30,1 грамм есірткі заты екені белгілі болды," – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін іздеуге жарияланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз