Абай облысында ауылдасының сиырын ұрлаған азамат ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Мамыр айының ортасында Әуезов полиция бөліміне Қайнар ауылының 41 жастағы тұрғыны жүгініп, 4-7 мамыр аралығында Қайнар ауылының маңында еркін жайылымнан белгісіз адам бір бас ірі-қара малын жасырын ұрлап кеткендігін хабарлаған.

Осы уақытқа дейін жәбірленуші малын өз бетінше іздеумен айналысқан, алайда жоғалған малды өздігінше таба алмаған ол құқық қорғау органына жүгінген. Келтірілген залал сомасы 260 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жәбірленушінің 63 жастағы ауылдасы жеткізілді.

Одан жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жыл басынан бері облыс полицейлері малды ұрлығының 13 дерегін ашты. Оның ішінде Абай және Жарма аудандарының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық 2 топ болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек