Қазақстандықтар несие алудан ерікті түрде бас тарта алады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандықтардың несие алудан ерікті түрде бас тартуына болады. Яғни кез келген адам өз атынан несие алуға тыйым сала алады.

Бұл электронды үкімет порталы арқылы жүзеге аспақ.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше егер азамат несие алудан ерікті түрде бас тартса банктер мен микроқаржы ұйымдары оның атына несие рәсімдей алмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл функция алаяқтардан қорғау үшін таптырмас құрал.

Жеке тұлғаның несие алуына тыйым салынған жағдайда алаяқтар арқылы рәсімделген қарызды төлемеуге болады.

Бұл сервис ЕGov веб-порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы