Таиландта теңізге түсемін деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды

Сурет: pixabay
Таиландта теңізге түсем деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.

"Артурдан айырылып қалдық", - деп жазды ол Instagram-да.

Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиров Zakon.kz порталының тілшісіне ақпаратты растады. 

Еске салайық, бұған дейін Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойғанын хабарлаған едік.

Сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда, Қазақстан азаматының жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Ол жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан, теңізге түсіп, көп су жұтып қойған. 

Кейінірек Таиландта теңізге түсіп, зардап шеккен қазақстандық қалыңдығын құтқарамын деп суға батқаны белгілі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы