Шардара тұрғыны үйінің ауласында сора өсірген

Сурет: ҚР ІІМ
“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша жұмыс жүргізіп, құрамында есірткі заты бар өсімдік егу дерегін анықтады.

Шардаралық тұрғыннан сораның 11 түбі тәркіленді. Полицейлер Шардара қаласы тұрғынының ауласын тінту кезінде есірткіге ұқсас 11 өсімдік түп тапты. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, алынған айғақты зат сора болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Деректің мән-жайы анықталып жатыр. Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және есірткі құралдарын сақтау үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды