Астанада тағы да такси жүргізушілерін алдаған алаяқ ұсталды

Сурет: unsplash
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жедел уәкілдер алаяқтыққа қатысы бар 26 жастағы астаналықтың ізіне түсті. Қазіргі уақытта полицияға такси жүргізушілерінен 3 арыз келіп түскен.

Негізінен InDrive қосымшасының пайдаланушыларын алдаған. Жүргізушілер, олардың 13 мың теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденіп кеткен клиентке алданғанын хабарлаған.

Барлық жәбірленушілерді ұқсас схема бойынша алдаған. Мобильді қосымша арқылы “тұтынушы” құжаттарды немесе пакетті мекенжайға жеткізу үшін такси шақырған.

Ер адам жүргізушіден қолма-қол ақша алып, тауарды мекенжайға жеткізген кезде, күтіп алушы онымен есептеседі деп уәде берген.

Такси жүргізушілері келісіп, біраз уақыттан кейін көрсетілген мекенжайға жеткенде, күтіп алушыларды таппай, “тұтынушыға” қоңырау шалған. Алайда ол кезде күдіктінің телефоны өшірулі болған.

Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Полиция алаяқтың әрекетінен зардап шеккен такси жүргізушілері әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін атап өтті.

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге кеңес береді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін