Алматыда әл-Фараби мен Абай даңғылдарында жол жөндеу жұмыстары басталды

Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын бөлігінде көлік қозғалысын ішінара шектей отырып орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар 6 маусымнан бастап әл-Фараби даңғылында Есентай өзенінен өтетін көпір бойында реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша көпір реконструкциядан өтіп, екі жаяу жүргіншілерге арналған арнайы көпір салынатын болады. Қазіргі таңда инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру және айналып өту жолын ашу үшін бөлу жолағында дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылының Достық даңғылынан Тілендиев көшесіне дейінгі бөлігінде де басталды. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жұмыс барысында көлік қозғалысы ішінара ғана шектеледі. Магистралды көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланған.

"Әл-Фараби даңғылы бұған дейін 2010 жылы, ал Абай даңғылы 2012 жылы жөнделген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліа, нәтижесінде жол бойында шұңқыр, ойылған, жарылған, отырған жерлер анықталып, жолдың жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде аталған учаскелерді орташа жөндеу жұмысы жоспарына қосылды." Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысының шектелуі туралы ақпарат БАҚ арқылы алдын ала жарияланып отыратын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: