Ақтөбе полицейлері есірткі таратушыны қолға түсірді

Сурет: Zakon.kz
8 маусымда Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жедел шаралар жүргізу барысында бау-бақша ұжымдарының бірінен Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.

 Жеке тінту барысында әйел адамның қалтасынан салмағы 0,75 грамды құрайтын ұнтақ зат салынған бір орам табылып, тәркіленді. Әрі қарай ұсталғанның мекенжайын тінту барысында есірткі заттары салынған 10 пакет пен электрондық таразы табылып, тәркіленді.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің бұған дейін бау-бақша ұжымдары аумағындағы 4 жерге есірткі қойғаны анықталды.

Тексеру кезінде ұнтақ зат салынған 70 орама табылып, тәркіленді. Тәркіленген прихотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асады. Бұл екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды.

Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды