Алматыдағы екі жаңа метро бекеті "Шұғыла" және "Төле би" деп аталуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Алматыда ашылатын жаңа екі метро станциясы "Шұғыла" және "Төле би" деп аталуы мүмкін. Бұл туралы 2023 жылғы 16 маусымда қалалық мәслихаттың VI сессиясында Тілдерді дамыту және ономастика басқармасының басшысы Бақыт Қалымбет мәлім етті.

Оның айтуынша, метро стансасы құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі үшін екі жаңа станцияның атауын беру қажет.

"Наурызбай ауданындағы Шұғыла ш/а. Алатау даңғылының бойындағы №1 бекет ономастикалық тәжірибеге сүйене отырып, жолаушылардың бағдар алуына ыңғайлы болу үшін "Шұғыла" деп атау ұсынылып отыр. Ал Алатау даңғылымен ұзартылатын Төле би көшесінің қиылысында болатын №2 бекетке "Төле би" атауын беру ұсынылып отыр", - деді ол.

Қалымбеттің уәжінше, бұл ұсынысты Алматы қаласы ономастика комиссиясы құптаған. Қала басшылығы тарапынан да қолдау тапқан.

Енді бұл ұсыныс Алматы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімімен ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясына жолданады.

Ол комиссия келісім берсе, Алматы әкімдігінің қаулысымен шешім қабылданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды