Елордада тағы екі көше жабылады

Сурет: gov.kz
Астанада Егемен Қазақстан және Ғабдуллин көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігі осыған байланысты 16-28 маусым күндері аралығында Егемен Қазақстан көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатынын хабарлайды. 

"Сонымен қатар, 17-21 маусым аралығында Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды", делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуына кеңес беріледі. 

Айта кетсек, Астанада 10 мамырдан 5 маусымға дейін әл-Фараби даңғылының Пушкин көшесінен Алаш тас жолына дейінгі аралығы ішінара жабық болған еді. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні