Астанада есірткі сатумен айналысқан тағы бір арнаның иесі қамауға алынды

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полицейлер есірткіні заңсыз сақтаумен айналысқан 27 жастағы Астана тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер күдіктінің әйелімен бірге тұратын пәтерді тінту кезінде салмағы 1 келі 273 грамм мефедрон және 2 келі 210 грамм галлюциногенді саңырауқұлақтар есірткі затын тапты.

Синтетикалық препараттың бір бөлігі 550 пластик пакетке оралған түрінде рюкзактан табылды. Қалғаны пластикалық шелекте сақталған. Сонымен қатар, дәліздегі шкафтан 8 қапта галлюциногенді саңырауқұлақтар сақатағаны белгілі болды.

Тергеу барысында жігіттің Telegram арнасы арқылы есірткі сататын интернет-дүкеннің ортақ иесі екендігі анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілі жатыр.

Жас жігіт кінәсін мойындап, Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді өткізу, аса ірі көлемде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалатынын айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі