Астана, Алматы және Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 20-22 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана:

20 маусым - көшпелі бұлт жүреді, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с құрайды. Түнде ауа температурасы: +8...+10 °C, күндіз +18...+20 °C;

21 маусым - көшпелі бұлт жүреді, адакідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы: +8...+10 °C, күндіз +18...+20 °C;

22 маусым - көшпелі бұлт жүреді, адакідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы: +8...+10 °C, күндіз +19...+21 °C;

Алматы:

20 маусым - көшпелі бұлт жүреді, адакідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-18 м/с. Ауа температурасы: түнде +23...+28 °C, күндіз +28...+30 °C;

21 маусым - көшпелі бұлт жүреді, таңертең және түсте адакідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде +18...+20 °C, күндіз +28...+30 °C;

22 маусым - көшпелі бұлт жүреді, күндіз адакідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы: +18...+20 °C, күндіз +28...+30 °C;


Шымкент:

20 маусым - көшпелі бұлт жүреді, түнде және таңертең адакідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы: +20...+22 °C, күндіз +32...+34 °C;

21 маусым - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы: +20...+22 °C, күндіз +33...+35 °C;

22 маусым - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы: +20...+22 °C, күндіз +33...+35 °C.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз