Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алған жетісайлық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты жеріне тінту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде күдікті ер адамның үйінің ауласынан 3 мың түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді. Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша алынған өсімдік көкнәр болып шықты.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады