Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен Арғынбеков көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін анықтады.

Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерді тоқтату үшін көшені екі жағынан жауып тастады. Нәтижесінде жеңіл көліктің 9 жүргізушісіне қатысты полицейлер 11 әкімшілік хаттама толтырды.

BMW және Toyota Camry жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Шетелдік Merсedes Benz S550 және Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабын бұзды. Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабын бұзған.

Авариялық жағдай туғызғаны және жолдарды, жол құрылыстарын бүлдіргені үшін кортеждің тағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Бірден ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 597-бабы, 602-бабы бойынша Lada-21900 жүргізушісіне хаттама толтырылды. Ол бір уақытта көлік құралдарын пайдалану ережелерін, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзып, сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бұзды.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін айыппұл тұрағына қойды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты