Жарас Мамутбеков Екатеринбургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулы болды

Сурет: ВКонтакте/viacheslav_iarin
Жарас Мамутбеков Қазақстанның Екатеринбургтегі бас консулы болды. Бұл туралы Свердлов облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Вячеслав Ярин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Жарас Мамутбековтің Екатеринбургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметін атқаруға кіріскенін айтты.

Жақында Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы болады.

"Қазақстандық тараппен келіссөздер үдерісі ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Мен халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Свердлов облысы губернаторының қолдауымен Қазақстан Республикасының консулдығы нақты Свердлов облысында құрылғанына шын жүректен қуаныштымын. Бұл Свердлов облысы мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыруға, мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді", - деп жазды ВКонтакте желісіндегі парақшасында Вячеслав Ярин.

Ол аймақ пен Қазақстан арасындағы әріптестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия, Корея, Хорватия және Сингапурдағы елшілерді тағайындаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды