Қазақстанның Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды. Бұл бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған Бауыржан Құдайбергенов болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 27 маусымда ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайбергенов Бауыржан Әлібекұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды".

Бауыржан Құдайбергенов 1988 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Манчестер университеті (Ұлыбритания), Назарбаев университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Талдау және ақпараттандыру басқармасының инспекторы болып бастады.

2012-2017 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылымында сарапшы-аудитор, бас сарапшы-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарған.

2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2022 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

"Болашақ" стипендиясының иегері, 2021 жылғы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

26 маусымда Шолпан Каринова 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келген Білім министрлігінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды