Павлодарда есірткі жарнамалаған QR-тақтайшалар алынды

Сурет: pexels
Қалада жалпы QR-коды бар 280 тақтайша орнатылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде қалалық мәдени ескерткіштерінде орнатылған ақпараттық тақтайшалардағы QR-код есірткі жарнамалайтын сайтқа сілтеме жасап тұрғаны белгілі болды.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының мәліметінше, QR-коды бар тақтайшалардың қолданылуы Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен бір жеке кәсіпкердің қадағалауында болған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

"Мұражаймен және жеке кәсіпкермен шарт 2018 жылы жасалған. Мерзімі бір жылға дейін болды. Қазір барлық тақтайшалар алынып тасталды", – деді басқарамада.

Сондай-ақ ведомствода QR кодтағы ақпаратты және ескерткіштердің тізімін Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Павлодарда 2018 барлық ескерткіштерге QR коды бар тақтайшалар қойылды. Смартфон арқылы ескерткіштің тарихымен танысуға мүмкіндік болатын. Ақпарат екі тілде ұсынылған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін