Полицейлер Петропавлдағы жертөледен бір центнерден астам марихуана тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 36 және 48 жастағы екі тұрғынын ұстады.

Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен полицейлер 4 қап өсімдік тектес затты тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы 113 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүріп жатыр, полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі мөлшерінің шығу тегін анықтауы керек.

"Бұл облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы. Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан бері облыс полицейлерімен 600 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Апаттар мен бөгеттердің бұзылуы: Қазақстанда гидроқұрылыстарға ауқымды тексеріс басталды