1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріледі

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өкімге сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы белгіленді. Соммасы тоннасына 40 320 теңге, қосымша құн салығынсыз.

2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде құны тоннасына 33 600 теңгені құрады.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты