Шымкентте АИ-95 маркілі бензин өндірілмейді

Сурет: Zakon.kz
Екі ай бұрын ғана жөндеуден өткен Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы тағы да баяулады.

Жылу алмастырғыш қондырғысы бұзылғандықтан АИ-95 маркілі бензинді өндіру мүмкін болмай отыр. Оны ауыстырмаған жағдайда шығын үш есеге көбеймек.

Сондай-ақ октанды жоғарылату қоспасы да көп жұмсалмақ. Зауыт өндірісіне қажетті қондырғы Ресейде ғана өндіріледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Құны шамамен 10 миллион доллар. Жұмысты мүлдем тоқтатпау үшін өнімдерді жартылай өңделген қалпында қоймада сақтауға тура келеді.

Бұл бензин бағасының қымбаттауына әкеп соқтырады дейді мамандар. Ал, қондырғыны ауыстыруға қанша уақыт кететінін ешкім айта алмай отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды