Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылордада “Қарасора – 2023” іс-шарасы барысында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның алтауы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған "Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр.

1 маусымда басталған шара 31 қазанға дейін жалғасады.

"Қарасора – 2023" іс-шарасының басты мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу. Іс-шара басталғалы облыс көлемінде барлығы есірткі қылмысына қатысты 39 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде 20 дерегі – есірткі өсіру, 2 дерегі – есірткі өткізу, 3 дерегі – аса ірі мөлшерде сақтау және 14 дерегі – есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар.

Заңсыз айналымнан 1 тонна 615 келі 939 грамм есірткі заты алынса, оның 5 келіден астамы марихуана, 5 грамм гашиш және 1 тонна 610 келі каннабис өсімдігі алынды.

Есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның алтауы қамаққа алынды. Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары аумағының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты