БҚДА: Жеңілдетілген автонесие механизміндегі кемшіліктер бағаның өсуіне әкеп соқтырды

2022 жылы жеңілдетілген автонесиелеу шеңберінде қаржыландыру тетігін зерделеу автомобиль өндірушілер арасында да, бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банктер арасында да бәсекелестіктің шектелгенін көрсетті. Бұл туралы Zakon.kz-ке Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, үкіметтің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 Қаулысы негізінде қаржыландыру көлемін – 100 млрд теңге автоөндірушілер өзара бөлді. Содан соң, осындай бөлуді әкімшілендіру мақсатында өнеркәсіптік дамуды дамыту қоры көрсетілген көлемді екінші деңгейдегі 4 банкке бөле отырып, олардың әрқайсысына әрбір өндіруші үшін қаржыландыру лимиттерін (қарыздар сомасының шектерін) белгіледі.

"Жалпы алғанда, жеңілдетілген автонесиелеуді қаржыландыру халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін отандық құрастырылған автомобильдердің қажетті санымен алдын ала қамтамасыз етусіз іске асырылғанын атап өткен жөн, бұл өз кезегінде автомобильдер бағасының өсуіне түрткі болды".Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Агенттік жүргізген талдау аясында 2020, 2021 жылдар мен 2022 жылғы 9 ай кезеңіндегі автокредиттеу қызметтерінің нарығы жоғары шоғырланғанын, онда 16 кредиттік ұйымның қызметін жүзеге асыратын анықтады. Бұл ретте нарықтық үлестің 70%-ы "Еуразиялық Банк" АҚ, "Банк Центр Кредит" АҚ және "Kaspi Bank" АҚ-ға тиесілі.

"2022 жылы жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасына қатысу есебінен "Еуразиялық Банк" АҚ және "Банк Центр Кредит" АҚ-да автокредиттер көлемінің өсуі байқалады (ЖТСМ шегі – 7,5%). Жеңілдікті бағдарламадан тыс берілген автокредиттердің ең көп көлемі қайталама нарықта автокредиттеумен айналысатын "Kaspi Bank" АҚ-ға тиесілі, оның ішінде "Колеса" цифрлық платформасы арқылы. Коммерциялық сегментте жоғары пайыздық мөлшерлемелер көлемі - 33% (ЖТСМ шегі – 40%), кредиттік және сақтандыру ұйымдарын таңу іс-әрекеттері байқалады".Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

2023 жығы 20 маусымда Индустрияны дамыту қоры неліктен жеңілдетілген автонесие қаражатын автобустарды сатып алуға жұмсау туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.



Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: