Павлодар облысының полицейлері тұрғындардан қару тәркіледі

Сурет: Zakon.kz
Полиция департаменті қаруды заңсыз сақтағаны, өткізгені және алып жүргені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Павлодар облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының тұрғындарынан шетелдік екі тапанша тәркіленді.

"Мәселен, 6 шілдеде Павлодар қаласының бірінде 30 жастағы жергілікті тұрғыннан автокөлік орындығының астында тұрған Pheinmetall AБТ Sommerda тапаншасы тәркіленді. Тағы бір жағдайда, 12 шілдеде үй ауласында 32 жастағы азамат ұсталды. Ол өзімен бірге Smith Wesson тапаншасын алып жүрді. Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген қарулар бойынша сараптама тағайындалды", – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Полиция департаменті қаруды заңсыз сақтағаны, өткізгені және алып жүргені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адам оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін, қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз