Құтырма ауру: Ақтөбе облысында карантин жарияланды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында 4 жастағы баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы мәлімдеді.
4 шілдеде болған жағдайдан кейін ауруханаға шұғыл жеткізілген баланың денесінде жара пайда болған. Қазір оның жағдайы қалыпты. "Емдеу 28 күнге созылады" дейді дәрігерлер.

Ал, түлкіні өлтірген. Осыдан кейін шаруа қожалығында 21 күндік карантин жарияланды. Ауылдан мал әкеліп, ет-сүт өнімдерін сатуға да тыйым салынып отыр, деп жазады almaty.tv.

Аудандық инспектор Қобда өзенінен 10 шақырым жерде орналасқан "Ертемір" шаруа қожалығына шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады. Біз қазір бұл ауданда екпе салу мен сауықтыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Күлсара Жақыпова.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді