Жетісу облысында өкілеттігін асыра пайдалану күдігімен басшы ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынғанын мәлімдеді.

Ол Кербұлақ ауданындағы Малайсары ауылының кіреберіс автожолына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінді, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Экс-шенеунік осылайша мемлекетке 37 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жетісу облыстық прокуратурасының хабарлауынша, қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз