Алматыда жыл басынан бері есірткі саудасының 100-ден астам дерегінің жолы кесілді

Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда 383 есірткі қылмысы анықталып, есірткі сатуға қатысты 107 деректің жолы кесілген.

Заңсыз айналымнан 227 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде, 67 келіден астам гашиш, 149,4 келі марихуана және 8,1 келі синтетикалық есірткі.

Сонымен қатар "синтетика" шығаратын 7 зертхана жойылды. Сондай-ақ қаладағы ойын-сауық мекемелерінде есірткі таратудың 4 дерегінің жолы кесілді.

Жедел бөлім жыл басынан бері 50 бетбелгі қоюшы және ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен есірткі ресурстарын жарнамалаған 5 адам ұсталғанын хабарлады.

Полицейлер еріктілермен бірлесіп, 242 профилактикалық іс-шара жүргізді 4500-ден астам граффити суретін бояды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз