Қостанай облысында қызылша індетін жұқтырғандар саны көбейді

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында қызылша індетін жұқтырғандар саны көбейді. Соңғы жарты жылда 57 адам ауырған. Ал былтыр өңірде небәрі 2 тұрғыннан ғана анықталған еді.

Науқастардың 61 пайызы, яғни 22-сі екпе алудан бас тартқандар. Балалар 1 және 5 жаста вакцина алуы тиіс. Әйтпесе, қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынас кезінде жұқтыруы әбден мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Дерт асқынғанда ларингит, пневмония, отит, стоматит секілді ауруларға ұласады. Арифметикалық есеп бойынша, әрбір 500 науқастың біреуі дертінен айыға алмай көз жұмады.

Бүгінде еліміз бойынша 2596 адамнан осы аурудың белгілері анықталды.

Соның 1062-сі Алматы қаласының тұрғындары. Ал Тобыл өңірінде індет маусым айында ушығып, әлі де басылмай тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді