Еліміздің ҰҚК көрші Қырғызстандағы халықаралық есірткі арнасын анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында Қырғызстан Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізді. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат әріптестерге жолданды.

Нәтижесінде 2023 жылғы 29 шілдеде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді.


Тінту кезінде 30 келі "мефедрон", 2.2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шет елдердің құзыретті органдарымен өзара әрекеттесе отырып халықаралық есірткі трафигі арналарын анықтау мен жолын кесу жұмысы жалғасуда.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды