Шымкент полицейлері жанкүйерлердің төбелесіне қатысты: Бұзақылық әрекеттерге жол берілген жоқ

Сурет: pixabay
Шымкент қаласының полиция басқармасы "Ордабасы" мен "Легия" футбол клубтарының жанкүйерлері арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шілденің 28-і күні Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарланғандай, бір күн бұрын Қажымұхан стадионында "Ордабасы" мен Польшаның "Легия" командалары арасындағы кездесу өтіп, оның алдында екі команда жанкүйерлері жанжалдасып қалған.

"Матч басталар алдында шамамен сағат 20:30-да командалардың жанкүйерлері арасында ауызша кикілжің орын алды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етті. Нәтижесінде жанжалды жағдайды жоюға мүмкіндік туды. Бұзақылық әрекеттерге жол берілмеді", - деп сендірді полицейлер.

Бұған дейін "Ордабасы" - "Легия" кездесуіне 150-ге жуық поляк жанкүйері Шымкентке келгені хабарланған болатын. Олардың кейбірі жергілікті жанкүйерлермен төбелесіп қалған. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы тарап кетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды