Ажар Ғиният төрт пациент ауыр жағдайда жатқан реанимация бөлімшесінде болды. Олардың барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Осы клиникада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр.
Одан әрі ведомство басшысы реанимация бөлімшесінде медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды.
Министр өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен бірлесіп медициналық көмек көрсету жағдайларын қарап, емдеу процесін және балалар ауруының себептерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізуді бақылауға алды.
Мамандардың айтуынша, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын тудыруы мүмкін емес. Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға тән емес, мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады.
ЖІИ үшін эпидепроцесс көріністерінің тән спектрі жоқ: қысқа уақыт ішінде жағдайлардың жаппай тіркелуі, барлық жастағы адамдардың, әсіресе жас балалар мен барынша әлсіреген балалардың инфекцияға бейімділігі, порцияның көлеміне және жұқтырған агенттің алынған дозасына қарай бір өнімді тұтынумен байланысты.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бүгінгі таңда тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.
Қажет болған жағдайда балалар республикалық ұйымдарға ауыстырылады.
1 тамыз күні Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны жөнінде ақпарат тарады. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 30 шілдеде орталықтағы екі бала өзін нашар сезінген: құсып, іші өткен. Осы мекеменің тағы 10 баласы 31 шілдеде осындай белгілермен ауруханаға түскен. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, бір бала көз жұмды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы жағдайға байланысты Қарағандыға барды.
Бас прокуратура осы іске қатысты ҚР ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева шамамен 14:30-да Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тағы екі бала түскенін хабарлады.