ШҚО тұрғынынан екі келіге жуық есірткі тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Глубокое ПБ КПБ қызметкерлері және ШҚО ПД ОЖВ арнайы бөлімшесімен бірлесіп Өскемен – Риддер автожолында 37 жастағы ер адамның басқаруындағы Lada Priora маркалы автокөлігін тоқтатқаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жедел тінту барысында көліктің жүк салғышынан ақ түсті полиэтилен пакеті табылды, оның ішінде спецификалық иісті өсімдік тектес заты бар 20 полиэтилен бумасы тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1943,75 грамм болатын кептірілген марихуана заты деп танылды.

Сондай-ақ жүргізушіге тиесілі гаражды тінту кезінде өсімдік тектес заттың қалдықтары бар пластик ыдыстар, полимерлі және полиэтиленді қапшықтар, спецификалық иісті өсімдік тектес заттары бар сыйымдылығы 40 литр болатын 2 фляг табылды және тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 20 512, 05 грамм (20 килограмнан астам) кептірілген марихуана есірткі құралы. Жауап алу кезінде ұсталған азамат бәрін толық мойындады. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға әкеп соғады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды