Ол Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су әлі де шектеулі, яғни қажеттіліктің 50 пайызына жетпейтін көлемде беріліп жатқанын атап өтті. Өткен аптада елді мекеннің бір бөлігі үздіксіз сумен қамтамасыз етілген.
"Бүгін аудан бойынша су кешке дейін, яғни кешкі сағат 23:00-ге дейін тұрақты беріледі. Сараптама нәтижелері бойынша Кіші Алматыдағы судың сапасы күндіз төмендемесе, онда сумен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтіріледі. Егер кешке судың сапасы нашарласа, түнгі уақытта су резервуарын толтыру және келесі күні үзіліссіз су беру үшін сағат 23:00 немесе 00:00-де суды өшіреміз", – деп түсіндірді Ілияс Қазиев.
Оның айтуынша, қазір өзендегі судың лайлығы 16 мг/дц³.
"Кеше таңертең судың таза болғанына қуандық делік, бірақ түске қарай ыстық басыла салысымен белсенді еру басталып, кешке қарай судың лайлығы шамамен 160 мг/дм³ болды", - деді Ілияс Қазиев.
Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде су әлі де шектеулі: су кестеге сәйкес беріліп жатыр.