Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Медеу ауданында су әлі де кесте бойынша беріліп жатыр

Алматы, Медеу ауданы, су, ауыз су, "Алматы су" МКК, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 11:30 Сурет: pixabay
Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде су әлі де шектеулі: су кестеге сәйкес беріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне суды кесте бойынша беруге қатысты енгізілген мәжбүрлі шаралар сақталуда, деп мәлімдеді 2 тамыз күні "Алматы су" компаниясы. 

2 тамызда су беру мына кесте бойынша жүргізіледі:

  • сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін – әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үйлер;
  • сағат 19.00-ден 24.00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушылар, оның ішінде «Юбилейный» шағын ауданы, Каменское плато, «Европолис» ТК, «Әлем қалашығы», «Алмалы» ТК, Керей – Жәнібек хандары көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер;
  • сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 24.00-ден 07.00-ге дейін резервуарларға су жинау жүргізіледі.

"Алматы су"  компаниясы Алматы өңіріндегі аптап ыстықтан Кіші Алматы шатқалында тау басындағы қар жамылғыларының қарқынды еруі Кіші Алматы өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне, жағалаулардың шайылуына және жергілікті селге әкеп соқтырды. Өзендегі судың лайлануының жоғарылауы санитариялық нормаларға сәйкес тазарту жүргізуге мүмкіндік бермеді.

Бірінші тамыздан бастап "Алматы су" МКК мамандары жүргізген зертханалық талдаулар тәуліктің түнгі және таңертеңгі уақытында судың лайлану көрсеткіші төмендегенін көрсеткен, бұл көрсеткіштер, Кіші Алматы өзенінен суды осы уақыттарда алуға және тазартуға жіберілетін су көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: