Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Медеу ауданына қашан су берілетіні туралы уақытша кесте жарияланды

Медеу ауданына су беру мен судан ажыратудың уақытша кестесі жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 13:19 Сурет: pixabay
"Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және судан ажырату кестесін әзірледі.
"Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға және жағдайларға байланысты түзетіледі. Барлық өзгерістер туралы қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және мүмкіндігінше суаруды шектеуді және суды үнемдеуді сұраймыз. Тұрғындар үшін желіге берілетін су көлемін ұлғайту мақсатында су тұтынудың үлкен көлемі бар объектілер (автожуу, монша) судан уақытша ажыратылды. Әлеуметтік нысандар тәулік бойы тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі", - делінген "Алматы су" хабарламасында.

Медеу ауданында суды беру мен судан ажыратудың уақытша кестесі ағымдағы жылғы 27 шілдедегі сағат 14.00-ден 28 шілдедегі сағат 19.00-ге дейінгі кезеңде қолданыста болады. Резервуарларда суды толтыру үшін әзірленген уақытша кесте қажет.

27 шілдеге арналған кесте

  • 27 шілдеде сағат 14: 00 –ден 28 шілдеде сағат 19.00-ге дейін Омаров көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде Керей-Жәнібек хандары көшесінің екі жағында орналасқан 25 КТК (көппәтерлі тұрғын үйлер): «Достық резиденттері» ТК Митин 4, Чайкин көшесі 3, 3а, Достық даңғылы 296, 294/2, 290, 278, 276, Тайманов көшесі 222, 224, Достық даңғылы 248, 272, 274, 270, 268, 266, 123, 123/3, 123/2, 123/1, 121, 121/3, 121/1, 121/5.
  • 27 шілдеде сағат 17: 00-ден 24.00-ге дейін «Есентай», «Ақ Бота», «Тау Шатыр», «ЛаВерде», «Блэкберри хиллс», Тайманов к-сі бойынша КТК (көппәтерлі тұрғын үй кешендері) су беріле бастайды.

28 шілдеге арналған кесте

  • 28 шілдеде сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үйге су беріле бастайды.
  • Омаров көшесінің оңтүстігіндегі елді мекендерге су беру 28 шілде күні сағат 19:00-ге жоспарланған. Сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жиналатын болады.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезеңде суды автоцистерналармен тасымалдау жүзеге асырылады. 27 шілдеден бастап су жеткізу бойынша арнайы көліктердің жалпы саны 18 бірлікке дейін ұлғайтылды.

Сумен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды. Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109. «Алматы Су» МКК диспетчерлік қызметіне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болдаы: 274-66-66, +7 777 852 91 01. Сонымен қатар ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселелері бойынша өтінімдер Медеу ауданы әкімі аппаратының мына нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.

Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудың шектеулі жағдайы тек табиғи құбылыстарға байланысты. Мұздықтардың қатты еруіне байланысты, қалыпты жылу, сел ағындары және өзен жағалауларының шайылып, лайлануының салдарынан таулы өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталып отыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: