Алматыдағы аудандардың бірінде су беру шектелді

Алматыдағы аудандардың бірінде су беру шектелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2023 15:50 Сурет: Zakon.kz
Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы Су" мекемесінің хабарлауынша, бұл - судың ластануына байланысты жасалған шара.

"Су беру көздеріндегі жауын-шашынға байланысты бастапқы судың лайлану деңгейі көтерілді. Сондықтан су қабылдау уақытша тоқтатылды".

Осының салдарынан мына мекенжайлар бойынша орналасқан тұтынушыларға су беру шектелген:

  • Юбилейный ша;
  • Тау самалы ша (Каменское үстірті);
  • "ВИП Алем" коттедж қалашығы;
  • "Европолис" ТҮ;
  • Керей Жәнібек Хандар к;
  • Оңдасынов к;
  • Әулие Ладушкина к;
  • Оспанов к;
  • Қыз Жібек к;
  • Жәнібеков к;
  • Найманбаев к;
  • Достық даңғылы;
  • Чайкин к.

Мына көшелердің бойында желілердегі су қысымының төмендеуі байқалады:

  • Қажы Мұқан к;
  • Байжанов к;
  • Луганск к;
  • Достық даңғылы;
  • Нұрмағамбетов к;
  • Сахариев к;
  • "Көк төбе" ша;
  • "Самал 1-3 ша";
  • Горный гигант" ша.

Тау өзендеріндегі судың лайлылығының шоғырлануының қалыпқа келуіне байланысты су қайта қалпына келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: