Алматыдағы аудандардың бірінде суық су уақытша өшіріледі
Сурет: Zakon.kz
27 маусым күні Алматының Жетісу ауданында су желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты жергілікті жерде суық су өшіріледі. Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Алматы су" МКҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар жұмыс кезінде Бекмаханов – Совхозная – Земнухова – Волгоградская көшелерінің контурындағы желілерде су қысымы төмендейтіні айтылды.
"27 маусымда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Солтүстік айналма – Бурундайская – Потышева – Гамарника – Дыбенко көшелерінің контурында, Крыжицкого бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда, Павлодар көшесінің бойымен Крыжицкий және Бурундай көшелерінің аралығында суық су беру тоқтатылады"."Алматы су" МКҚК баспасөз қызметі
Бөлім уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
"Барлық сұрақ бойынша 274-66-66 номеріне хабарласуға болады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 26-30 маусым аралығында Алматының Әуезов ауданында Черепанова көшесінің бойымен Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейінгі аралықта көліктерге қозғалыс жабылатыны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript