Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізілді

су, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2023 16:50 Сурет: pixabay
"Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу ауданында суды беру мен тоқтатудың уақытша кестесі биыл 31 шілде сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жарамды.

"Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудағы шектеу табиғи құбылыстарға байланысты. Бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан мұздықтардың еруіне, сел және өзен жағалауларын су шаюға байланысты тау өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталып отыр. Сондықтан су тазарту станцияларында су дайындауда қажетті су көлемін уақытша ала алмай жатыр. Суды зертханалық зерттеу сағат сайын жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлылық деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі керек. Қазіргі уақытта ол 170-340 мг/дм3 аралығында", - делінген хабарламада.

Кесте 31 шілде мен 02 шілде аралығында су беру кестесі:

  • Сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлерге.
  • Сағат 19:00-ден 24:00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде "Юбилейный" ш/а, Каменск үстірті, Европолис ТҮК, Алем қалашығы, Алмалы ТҮК, Керей – Жәнібек хандар көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер.
  • Сағат 13:00-ден 19:00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жинақталады.

Сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды.

Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109.

"Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66, +7 777 852 91 01.

Ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселесі бойынша өтінім Медеу ауданы әкімі аппаратының нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: