Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Медеу ауданы тұрғындарына су беру және тоқтату кестесі жарияланды

Алматы, Медеу ауданы, су, ауыз су, "Алматы су" МКК, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 19:56 Сурет: freepik
Алматының Медеу ауданында суды беру мен тоқтатудың уақытша кестесі биылғы 29 шілде сағат 07:00-ден бастап 30 шілде сағат 24:00-ге дейінгі кезеңде жарамды болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кестені "Алматы Су" МКК ұсынды.

Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде сумен жабдықтаудың шектелуіне байланысты жағдай сол күйі қалып отыр.

Бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан мұздықтардың еруіне, сел және өзен жағалауларын су шаюға байланысты тау өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы байқалған.

"Таудағы нөсер жаңбырға байланысты лайлылық деңгейі өзгерген жоқ, бұл сүзгі станциясында су дайындаудың технологиялық үдерістерін бастауға мүмкіндік бермейді. Сумен қамту жүйесін Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне қайта реттеу нәтижесінде кесте бойынша су беру жалғасуда, оған жер асты көздерінен қосымша су көлемі қайта бағытталды"."Алматы Су" МКК баспасөз қызметі

Суға сағат сайын зертханалық зерттеу жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлылық деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі керек. Қазіргі уақытта ол 148-300 мг/дм3 аралығында.

Айта кетейік, "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешенінің батысында Қаппаров көшесінде орналасқан "Трамплиндер" сорғы станциясының қосылуымен "Есентай" ТҮК, "Таушатыр" ТҮК сумен жабдықтауды қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қысымның төмендеуімен "Ақбота" ТҮК су беру қалпына келтірілді.

"Әзірленген уақытша кесте  резервуарлардағы суды жинау үшін қажет", – делінген хабарламада.

29.07.2023 жылға арналған суды пайдалануға беру кестесі:

  • сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің аумағындағы көппәтерлі тұрғын үймен;
  • сағат 19;00-ден 24;00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде "Юбилейный" ш/а., Каменск үстірті, Европолис ТҮК, Алем қалашығы, Алмалы ТҮК, Керей – Жәнібек хандар көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер, Тайманов, Иванилов, Игишев көшелеріндегі тұрғын үй құрылыстары.

30.07.2023 жылға арналған суды пайдалануға беру кестесі:

  • сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін - әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге.
  • 29 шілде сағат 13:00-ден 19:00-ге дейін және 30 шілде сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жинақталады.

Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстардан туындаған жағдайға байланысты түзетіледі.

Тұрғындар үшін желіге берілетін су көлемін арттыру мақсатында суды көп тұтынатын нысандарға (көлік жуу, монша) су беру уақытша тоқтатылады. Әлеуметтік нысандар тәулік бойы тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде су автоцистерналармен тасымалданады.

"27 шілдеден бастап су таситын арнайы көліктердің жалпы саны 18-ге дейін көбейеді. Сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды"."Алматы Су" МКК баспасөз қызметі

Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі сумен жабдықтау шектелген аймақта 50 көппәтерлі үй, 4 047 жеке тұрғын үй бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: