Алматының Алатау ауданында ыстық су уақытша өшіріледі

Сурет: pixabay
Алматы қаласының Алатау ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 7-21 тамыз аралығында Алматы қаласы Алатау ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен басқа да ғимараттарда  "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік мақсатында ыстық су беру шектеледі", делінген ведомство хабарламасында.

Уақытша шектеу Бауыржан Момышұлы – Арқалық – Үлкен Алматы каналы (солтүстік жағы) көшелері контурында болады.

"Алматы жылу желілері" ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.

Алдында Алматының Медеу ауданында ыстық су өшірілетіні белгілі болған еді. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды